Мектеп тарихы
Біздің мектеп балалар үшін өз есігін 2010 жылдың 9 қаңтарында, қыстың сықырлаған аязы кезінде ашты. Мектеп біздің Президентіміз Н.А. Назарбаевтың «100 мектеп - 100 аурухана» атты бағдарламасы шеңберінде салынған және 1200 орынға есептелген. Мектеп оқушыларының құрамына жақын маңдағы шағын аудандарда тұратын, соның ішінде саяжай массивтері: №57, №5, №37, №32 орта мектептерінің оқушылары кірді. Мектеп директоры болып Поняева Ирина Ивановна тағайындалды.
Ирина Ивановнаның басшылығымен ұжым мүшелері мердігерлерге көмек ретінде мектеп терезелерін жуып, жиһаздарды орналастырып, мектеп ауласын қалыпқа келтірді.
00
Интерактивті тақталар саны
00
Асханадағы орын саны
00
Лингафон кабинеті
00
өзін - өзі тану кабинеттері
00
Кітапханадағы оқулықтар қоры
00
Бастауыш буындағы оқушылар
00
Орта буындағы оқушылар
00
Жоғары буындағы оқушылар
Мектепте келесі үйірмелер жұмыс атқарады:
– домбыра
– вокал мектебі
– «Би-Нур» би үйірмесі
– каратэ
– ЖТЖИ
– сурет салу
– спорттық секциялар: волейбол, футбол, баскетбол
Екінші жыл қатарынан «Тілге құрмет – елге құрмет» жобасы жемісті еңбек етуде
1. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап №63 орта мектеп «Мектеп-гимназия» мәртебесіне ие болды; бұл мәртебе оқу жоспарына өзгерістердің енгізілгенін білдіреді, осы бағытта білім беру мазмұнының ізгілендіру әдістері арқылы жеке тұлғаның жалпы, ақыл-ой және адамгершілік қабілеттерін дамыту бойынша жоғары деңгейдегі бағдарламалар жүзеге асырылады.
2. Инновациялық ой, қағида, құндылықтарды қолдану мектеп бітіруші түлектің ғана емес, мектеп- гимназиясының кез- келген оқушысының дамуын сәтті түрде жүзеге асырады.
3. Мектеп-гимназия қызметі келесі қағидаларға негізделеді:
- Жеке тұлғаның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету;
- Бала құқығы туралы Конвенцияны орындау;
- Қазақстан азаматы ретінде өзін сезіну, патриотизм;
- Алуан түрлі ұлт өкілдерінің өзара келісімі мен ынтымақтастығы;
- Өзімен, қоршаған ортадағы адамдармен, табиғатпен келісім;
- Оқушылардың бір-біріне, педагогтарға, ата-аналарға деген сыйластығы мен сенімі;
- Білім беру үрдісінің барлық қатысушылары үшін психологиялық жайлылық.