Жолда жүру ережесі

Shape Image One

Ата-анарға арналған ереже.

– Балаларға тек жол қозғалысы ережелерін сақтауды ғана емес, сондай-ақ ерте жастан бастап ол ережелерді оқып, бақылауға және үйренуге үйрету керек. Ата-аналар мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың басты әдісі – балалардың ересектерді, ең алдымен ата-аналарды бақылап, соларға еліктейтінін ұмытпау керек. Көптеген ата-аналар мұны түсінбей, өздері балаларын дұрыс емес әрекетке үйретіп жатады.

– Жүргін бөлікте балаңызбен бірге болсаңыз, шапшаң емес, жолды өлшенген қадамдармен қиып өтіңіз. Әйтпесе, сіз қауіпсіздікті бақылап, қамтамасыз ететін жерлерде асығып жүруге үйреніп аласыз.

– Балаңызды алдыға жүгіртіп жіберіп, жолды өздігінен жүгіріп өтуіне жол бермеңіз. Себебі, ол жолда жан-жағына қарамай жүріп, соған дағдыланып алады. Сондықтан кішкентай баланы қолынан мықтылап ұстап өту керек. Өйткені, ол қолдан босанып шығуға тырысқан кезде, оны ұстап үлгересіз. Ал жазатайым оқиғалардың көбі осындай ережелерді сақтамағаннан болып жатады.

– Балаңызды жан-жаққа қарауға үйретіңіз. Балада жолаяқтан алғашқы қадам баспас бұрын басын бұрып, барлық бағыттағы жолды тексеретін, қатып қалған әдет болу керек. Ол автоматты түрде осылай әрекет етуге үйренуі тиіс.

– Баланы көлікті байқауға үйретіңіз. Кейде балалар алыстағы көлікті немесе мотоциклді байқамайды. Оған қашықтыққа қарауды үйретіңіз.

– Балаңызды көліктің қалай қозғалатынын, жылдамдығын және бағытын бағалауға үйретіңіз. Оларға қайсы көліктің тік жолақпен жүретінін және қайсысының бұрылайын деп жатқанын анықтауға үйретіңіз.

– Сондай-ақ, өзіңіз де ережені мұқият меңгеріп алыңыз. Және балаға кез-келген көлік түріне тек, ол тоқтап тұрған кезде ғана кіру және шығу керектігін үйретіңіз. Балаға көлік жүріп бара жатқанда неге секіріп мінуге немесе түсуге болмайтынын түсіндіріңіз.